Волейбол ойынының шығуы және даму тарихы
Волейбол ойынының кіндік кескен ортасы – Американың Гелиоке қаласы. Бұл 1895 жылы болған оқиға еді. Колледж оқытушысы Вильям Морган сабақ кезінде теннис орнын екі сырыққа бойлап жоғары көтеріп қойып, оқушыларға допты екі жаққа допты алма-кезек лақтырып ойнауды көрсетіп, оны оқушылардың да қайталауын талап етеді.
Волейбол – деген сөздің мағынасы “ұшатын доп”
1896 жылы волейбол ойыны көпшілік назарына ұсынылды, ал 1897 жылы бұл ойынның ережесі жасалынды. Волейбол ойынының Европа мемлекетіне таралуы ХХ ғасырдан басталған. 1967 жылы Чехословакияда тұңғыш рет алғашқы жарыс ұйымдастырылды да, Франция, Румыния, Ауғанстан, Индия, Қытай, Корея, Жапония және Россияда волейбол ойынын қалаушылардың арнайы клубтары ашылды. 1947 жылы халықаралық волейбол федерациясы (ФИВБ) ұйымдастырылды.
Европа мемлекеттерінің алғашқы біріншілігі 1948 жылы дүние жүзінің біріншілігі 1949 жылы өткізілді.
Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Олай болса біз әңгіме етіп отырған волейбол спорт ойыны – бар ұлт үшінортақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген ғой.
Волейбол – біздің халқымыз арасында ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын.
Волейбол ойынына тән ерекшелік – оның ұжымдық сипаты, ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы да десе қателеспейміз.жеке тұлғаның жан – жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады, солардың ішінде спорт ұжымдары шешуші орындардың біріне жатады. Себебі дене тәрбиесі – мәдениет пен спорт, денсаулық кепілі, олай болса ұжымдық іс-әрекетті тез шешуге көмектесетін спорт ойындары, оның ішінде волейбол ойыны және ол ойынға қатысушылар еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын тездету, қоғам дамуының жаңа деңгейін жоғары дәрежеге көтереді. Осы жағдайда барлық жастағы қоғам мүшелері үшін ортақ спорт ойыны волейбол адамның өмірін, оқуын, спорттық жетістіктерін, жасампаздығын, күш қуат мәдениетін ұйымдас-тырудың ең тиімді құралы.
Волейбол спорт ойынымен айналысатын команда ұжымы – бұл спорттық іс-әрекетімен бірігіп топтасқан белгілі мақсатта бағытталған тұрақты бірлестік екендігін өмір көрсеткен шындық.
Волейбол ойынаушы 12 адамнан тұратын екі команда, миллионға жуық көрермендерді өз төңірегіне жинай қызықтататын керемет спорт ойыны.
1964 жылы Токио олимпиадасынан бастап волейбол ойыны олимпиадалық спорт түрі ретінде танылды. Ал дүние жүзінің кубогы үшін күрес 1965 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Волейбол ойыны тарихында, оның ережесі туралы көптеген жылдар бойы алауыздықтар болғаны бұл спорт түрінің тарихынан белгілі. Мысалы, 20-жылдарға дейін дүние жүзінде волейбол ойынының екі жүйесі қатар жүріп отырды. Олар европалық жүйе, яғни алаңға 6-ойыншыдан тұратын команда шығару және азиялық жүйе, алаңға 9-адамнан түратын командалар шығару. Бірақ екі контингент өкілдерінің өзара түсінушілігі – дүниежүзілік 6-жүйелі ойын өрнегін қалыптастырды.
КСРО тарихында волейбол ойынының алғашқы ережесі қабылданып, ойын жаңа арнаға түсе бастады. Өте қызық жағдай Москва қаласындағы алғашқы волейбол ойын алаңы Мейерхольд, Камерный, Революция және Вахтенгов театрлары жанынан жасалынатын, сондықтан да Россияда волейбол ойыны “әртістер ойыны” – деген атқа да ие болды. Тіпті 1932 жылы Москвадағы Үлкен театр сценасында КСРО-ның орталық атқару комитетінің сессия делегаттарына арнап волейбол ойынын әртістер көрсеткен. Бұл ойын бар болғаны 7-минутқа созылыпты, міне осы күннен бастап волейболға “халықтық” ойын деген атақ берілді, – дейді волейбол ойыны тарихын жазушы спорт мамандары.
Волейбол ойыны спортынан ең көп олимпиада медалін жеңіп алған команда КСРО, олар 4-рет Олимпиада чемпионы атанды.
Волейбол ойыны 18х9 метрлік алаңда өтеді, тордың жоғарғы жағы ерлер үшін 243 см биіктікке, әйелдер үшін 224см. жоғары тірекке байланады.
Қазіргі кезеңде кіші волейбол ойыны да үлкен беделге ие болып келеді. Олар: 9х4,5 немесе 9х6 метрлік спорт алаңы, егер ойнаушы командалар құрамы 4:4 болса, онда алаң көлемі 12х6 метрден аспауы керек. Волейбол ойыны үшін дайындалған доптың салмағы туралы бәсеке көптеген уақытқа созылып, олар 260-280гр. салмаққа пәтуаласты. Қазіргі кезеңде халықаралық федерацияға мүше 173-ке жуық мемлекеттер бар.
Қазақстан волейбол тарихында алғаш рет КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған Октябрь Қыдырбай ұлы Жарылқапов. Оның шәкірті Заңғар Жаркешов жетекшілік еткен Қазақстанның “Буревестник” командасы 1969 жылы КСРО –ның чемпионы, 1970-1971 жылдары волейболдан Европа кубогын жеңіп алды.
Қазақ волейболшылары В.Кравченко, Жәнібек Саурамбаев, Олег Антропов – олимпиадалық, әлем, европа және КСРО чемпиондары.
Әйел волейболшылар табысы да ауыз толтырып айтарлық. Алматыдағы Үй құрылысы комбинаты командасы 1984-1992 жылдар аралығында КСРО-ның чемпионы атанды. Ал 1985 жылы Қазақстандық волейболшы қыздар Италияда өткен европа кубогін жеңіп алды.
Алматының “Азамат” атты ерлер командасы 1993 жылы клубтық командалар арасында Азия чемпионы атанды. Ал 2001 жылғы қыздар арасында Республика біріншілігі 2001 жылдың сәуір айында аяқталды. Барлық турда қарсыластарын қапы қалдырған Алматының “Рахаты” ел чемпионы атағын жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының базалық клубы болып саналатын “Рахаттық” арулар 2001 жылғы 16-20 мамырда Вьетнам Республикасында өтетін клубтық командалар арасындағы Азия біріншілігінде ел намысын қорғады. Команданың бапкері – Қазақстандағы волейбол ойынының бұрынғы майталманы В.Шаприн. бұл командамен қатар еліміздің абройын халықаралық жарыстарда асқақтатуға атсалысар командалар да бар. Олар – Алматылық “Глотур”, Ақсай қаласынан “Қарашығанақ”, Астана қаласынан “Астана қанаты” атты волейбол спорт ойынының жұлдыздары.
Қазіргі Қазақстан Республикасының волейболшы қыздары кіндік Азиядағы ең азулы ойыншылар қатарында. Мемлекетіміздің намысын қорғаушылар дайындауда жетекші тұлғалар бапкерлер екендігі белгілі, бірақ сол ұлағатты ұстаздардың өздері үшін де үздіксіз іздену, үйрете отырып кемелдену бұл өмір заңы екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да авторлар бұл әдістемелік оқу – құралын болашақ спорт мамандары мен жас бапкерлер үшін қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуды ниет еткен.
Әдебиеттер
- Волейбол. Учебник для институтов физической культуры. Подред Ю. Н. Клещева, А.Г. Айропетянц., Москва,
- Аристов Ю.М., Годик М.А. Подготовка волейболистов высших разрядов., Москва, 1980.
- Биданов Ж.Б., Елшиев Б.Т., Волейбол – дене тәрбиесі факультетіне арналған бағдарлама. Шымкент – 2000.
Волейбол ойынының негізгі ережесі
Тақырыбы: Волейбол ойыны.
Мақсаты: Волейбол ойыны арқылы, бұлшық еттердің барлық топтарының, секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігін үйлесімді дамуына көмектеседі.
Ойынның барысы:
Бұл ойынның кең таралуына ережесінің қарапайымдылығы, орындалатын қимыл-қозғалыстарының күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болды. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болды.
Волейбол ойынының пайда болғанына 100 жылдай уақыт өтті. Волейбол ойыны бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тарады. Волейболды әрқайсысында 6 адам болатын екі команда ойнайды. Бір команданың ойыншылары алаңның ортасына тартылған тор арқылы допты екінші команда жағына алаң шекараларынның ішінне түсетіндей немесе қарсыласы ойын ережелерін бұзып қабылдап,қарайтындай ретте бағыттайды. Алаңның ұзындығы -18, ені 9 метр болып тор арқылы екі тең бөлікке бөлінеді. Жарыс үш немесе бес кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысы командалардың бірі 25 ұпай жинағанша жалғаса береді. Оқушылар жарыстары көп жағдайда 3 партиядан тұрады. Дұрыс тұра білу-жаңа бастаған волейболшылар үшін шарт. Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей,шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді.. Оған себет-доп алақанға көбірек кідіріп қалуы мүмкін. Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін кідірік қалуы. Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады.Ұшып келе жатқан допты кейін, қолдарын алға кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсылады. Соққы допты күшті тиюі үшін қолдын ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс. Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.
ОЙЫНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
Ойынды қорытындылап, нәтижесімен таныстыру.
Волейбол ойынының шығуы және даму тарихы — ADISTEME.KZ
Волейбол ойынының кіндік кескен ортасы – Американың Гелиоке қаласы. Бұл 1895 жылы болған оқиға еді.колледж оқытушысы Вильям Морган сабақ кезінде теннис орнын екі сырыққа бойлап жоғары көтеріп қойып, оқушыларға допты екі жаққа допты алма-кезек лақтырып ойнауды көрсетіп, оны оқушылардың да қайталауын талап етеді. Волейбол – деген сөздің мағынасы “ұшатын доп”
1896 жылы волейбол ойыны көпшілік назарына ұсынылды, ал 1897 жылы бұл ойынның ережесі жасалынды. Волейбол ойынының Европа мемлекетіне таралуы ХХ ғасырдан басталған. 1967 жылы Чехословакияда тұңғыш рет алғашқы жарыс ұйымдастырылды да, Франция, Румыния, Ауғанстан, Индия, Қытай, Корея, Жапония және Россияда волейбол ойынын қалаушылардың арнайы клубтары ашылды. 1947 жылы халықаралық волейбол федерациясы (ФИВБ) ұйымдастырылды.
Европа мемлекеттерінің алғашқы біріншілігі 1948 жылы дүние жүзінің біріншілігі 1949 жылы өткізілді.
Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Олай болса біз әңгіме етіп отырған волейбол спорт ойыны – бар ұлт үшінортақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген ғой.
Волейбол – біздің халқымыз арасында ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын.
Волейбол ойынына тән ерекшелік – оның ұжымдық сипаты, ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы да десе қателеспейміз.жеке тұлғаның жан – жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады, солардың ішінде спорт ұжымдары шешуші орындардың біріне жатады. Себебі дене тәрбиесі – мәдениет пен спорт, денсаулық кепілі, олай болса ұжымдық іс-әрекетті тез шешуге көмектесетін спорт ойындары, оның ішінде волейбол ойыны және ол ойынға қатысушылар еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын тездету, қоғам дамуының жаңа деңгейін жоғары дәрежеге көтереді. Осы жағдайда барлық жастағы қоғам мүшелері үшін ортақ спорт ойыны волейбол адамның өмірін, оқуын, спорттық жетістіктерін, жасампаздығын, күш қуат мәдениетін ұйымдас-тырудың ең тиімді құралы.
Волейбол спорт ойынымен айналысатын команда ұжымы – бұл спорттық іс-әрекетімен бірігіп топтасқан белгілі мақсатта бағытталған тұрақты бірлестік екендігін өмір көрсеткен шындық. Волейбол ойынаушы 12 адамнан тұратын екі команда, миллионға жуық көрермендерді өз төңірегіне жинай қызықтататын керемет спорт ойыны.
1964 жылыТокио олимпиадасынан бастап волейбол ойыны олимпиадалық спорт түрі ретінде танылды. Ал дүние жүзінің кубогы үшін күрес 1965 жылдан бастап өткізіліп келеді. Волейбол ойыны тарихында, оның ережесі туралы көптеген жылдар бойы алауыздықтар болғаны бұл спорт түрінің тарихынан белгілі. Мысалы, 20-жылдарға дейін дүние жүзінде волейбол ойынының екі жүйесі қатар жүріп отырды. Олар европалық жүйе, яғни алаңға 6-ойыншыдан тұратын команда шығару және азиялық жүйе, алаңға 9-адамнан түратын командалар шығару. Бірақ екі контингент өкілдерінің өзара түсінушілігі – дүниежүзілік 6-жүйелі ойын өрнегін қалыптастырды. КСРО тарихында волейбол ойынының алғашқы ережесі қабылданып, ойын жаңа арнаға түсе бастады. Өте қызық жағдай Москва қаласындағы алғашқы волейбол ойын алаңы Мейерхольд, Камерный, Революция және Вахтенгов театрлары жанынан жасалынатын, сондықтан да Россияда волейбол ойыны “әртістер ойыны” – деген атқа да ие болды. Тіпті 1932 жылы Москвадағы Үлкен театр сценасында КСРО-ның орталық атқару комитетінің сессия делегаттарына арнап волейбол ойынын әртістер көрсеткен. Бұл ойын бар болғаны 7-минутқа созылыпты, міне осы күннен бастап волейболға “халықтық” ойын деген атақ берілді, – дейді волейбол ойыны тарихын жазушы спорт мамандары.
Волейбол ойыны спортынан ең көп олимпиада медалін жеңіп алған команда КСРО, олар 4-рет Олимпиада чемпионы атанды. Волейбол ойыны 18х9 метрлік алаңда өтеді, тордың жоғарғы жағы ерлер үшін 243 см биіктікке, әйелдер үшін 224см. жоғары тірекке байланады.
Қазіргі кезеңде кіші волейбол ойыны да үлкен беделге ие болып келеді. Олар: 9х4,5 немесе 9х6 метрлік спорт алаңы, егер ойнаушы командалар құрамы 4:4 болса, онда алаң көлемі 12х6 метрден аспауы керек. Волейбол ойыны үшін дайындалған доптың салмағы туралы бәсеке көптеген уақытқа созылып, олар 260-280гр. салмаққа пәтуаласты. Қазіргі кезеңде халықаралық федерацияға мүше 173-ке жуық мемлекеттер бар.
Қазақстан волейбол тарихында алғаш рет КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған Октябрь Қыдырбай ұлы Жарылқапов. Оның шәкірті Заңғар Жаркешов жетекшілік еткен Қазақстанның “Буревестник” командасы 1969 жылы КСРО –ның чемпионы, 1970-1971 жылдары волейболдан Европа кубогын жеңіп алды. Қазақ волейболшылары В.Кравченко, Жәнібек Саурамбаев, Олег Антропов – олимпиадалық, әлем, европа және КСРО чемпиондары. Әйел волейболшылар табысы да ауыз толтырып айтарлық. Алматыдағы Үй құрылысы комбинаты командасы 1984-1992 жылдар аралығында КСРО-ның чемпионы атанды. Ал 1985 жылы Қазақстандық волейболшы қыздар Италияда өткен европа кубогін жеңіп алды. Алматының “Азамат” атты ерлер командасы 1993 жылы клубтық командалар арасында Азия чемпионы атанды. Ал 2001 жылғы қыздар арасында Республика біріншілігі 2001 жылдың сәуір айында аяқталды. Барлық турда қарсыластарын қапы қалдырған Алматының “Рахаты” ел чемпионы атағын жеңіп алды. Қазақстан құрамасының базалық клубы болып саналатын “Рахаттық” арулар 2001 жылғы 16-20 мамырда Вьетнам Республикасында өтетін клубтық командалар арасындағы Азия біріншілігінде ел намысын қорғады. Команданың бапкері – Қазақстандағы волейбол ойынының бұрынғы майталманы В.Шаприн. бұл командамен қатар еліміздің абройын халықаралық жарыстарда асқақтатуға атсалысар командалар да бар. Олар – Алматылық “Глотур”, Ақсай қаласынан “Қарашығанақ”, Астана қаласынан “Астана қанаты” атты волейбол спорт ойынының жұлдыздары.
Қазіргі Қазақстан Республикасының волейболшы қыздары кіндік Азиядағы ең азулы ойыншылар қатарында. Мемлекетіміздің намысын қорғаушылар дайындауда жетекші тұлғалар бапкерлер екендігі белгілі, бірақ сол ұлағатты ұстаздардың өздері үшін де үздіксіз іздену, үйрете отырып кемелдену бұл өмір заңы екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да авторлар бұл әдістемелік оқу – құралын болашақ спорт мамандары мен жас бапкерлер үшін қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуды ниет еткен
«Ойын ережелері мен тарихы»
Мазмұны:
Кіріспе
Волейболдың даму тарихы
Ойын барысындағы нақты қозғалыстар
Қорғаныс әдістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
Волейболдың даму тарихы
Волейбол ((, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) — ойын спорты.
1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:
Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.
Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 м).
Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 м).
Биіктігі: 6,5 фут (198 см).
Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы — 340 г.
Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.
Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.
Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.
1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.
1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық «Mikasa» корпорациясы мен ағылшындық «Molten» «Wilson» фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты.
1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.
1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді.
Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.
Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті.
Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды.
1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті.
Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан халықаралық федерация мен Польша өкілдігі волейболды гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама көтерген. Сол кезде Еуропадан 13, Америка елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды.
1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды. Алайда, Берлинде өтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда өткізілді.
1947 жылдың 18 мен 20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, Чехословакия және Югославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB — ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді.
80 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатарын 156-ға өсті.
Ойын барысындағы нақты қозғалыстар
Ойын басталғандағы бастапқы тұрыс
Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып қолға құлап түсу т.б. қозғалыстар орындалады.
Ойын барысында орындалатын бұрылыстар
Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады. Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу үшін міндетті түрде бұрылыстар орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай орындайды. Егер де доп тура келетіндей жағдай болғанда алдыға адымдап барып допты қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады.
Допты ойынға қосу
Ойыншылар допты ойынға қосудың бірнеше түрін игереді. Бірінші – жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу. Допты шабуылдап ойынға қосқанда қарсы жақтың ойынын қиындатады. Әдетте, допты мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық-шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Қарсыластарға допты қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу т.б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады.
Екінші – бүйірден жоғарыдан шабуылдап беру. Бұл әдісте әрине қарсыластың ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты дағдылану керек.
Үшінші – допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу сияқты емес, қарсыласына онша қауіп төндірмейді. Берілген бұл допты қарсыластар оңай қайтарады.
Төртінші – допты астынан жанамалап беру. Бұл допты да қайтарып беру үшін қарсыластарына қиыншылық тудырмайды. Міне, омындай әдістермен доп ойынға қосылады.
Допты беру және қабылдау.
Қарсыластардың берген добын қағып алып, өзара ойнап қарсыластарына шабуыл ұйымдастырады. Енді осы қарсылас жағынан ұшып келген допты қабылдаудың екі түрі бар. Біріншіден – екі қолмен допты астынан қағып алады. Өз әріптестеріне береді, ал өз кезегінде шабуыл ұйымдастырады. Доп қисынсыз ұшып келген жағдайда, онда бір қолмен де қағып алуға болады.
Қорғаныс әдістері
Қорғаныс кезіндегі алаңдағы, яғни доп түсетін орынды біліп тұру – ойыншының ерекше қасиеттері болып табылады. Доп төмен қарай және тез берілсе, ондай жағдайды тез бағдарлау, тез қозғалып допқа ұмтылып құлай түсіп, болмаса айналып барып қабылдау – жеңіс бастамасы болып табылады. Демек, доп үнемі бақылауда болады. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осындайда керек. Сөйтіп, арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол айла – тәсілдерін үйренуде негізгі рөл атқарады. Алаңның қарсы бетінде 6 ойыншы қорғаныс жүйесінде алға қарай бұрыш жасап, қарсыластарының шабуылын қайтаруға дайын тұрады. Қарсы беттегі нөмері 6, 3, 4, 2 алаңдарында орналасқан ойыншылар допты өзара біріне-бірі беріп, тордың үстінен шабуыл жасайды. Яғни, шабуылшы допты бар күшімен қарсыластарына қарай ұрады. Осы кезде қарсыластар тобы тосқауыл қояды. Осы сәтте, 6-нөмірдегі ойыншы 2-нөмірдегі шабуылшының орнын қорғауға барады.
Қазақстандағы волейбол
Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.
Қорытынды
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен орындай отырып,адам ағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады.
Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа бөлініп,қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде волейбол ойынының маңызы зор
Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге,ден саулықты сақтауға,көңіл күйін котеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
А. Г. Ариянц — Волейбол ФИС 1986
Ю. Н. Жещев — Волейбол ФИС 1986
С. Қасымбекова — Әдістемелік құрал, Волейбол, Алматы, “Атамұра”
М. Т. Тұрыскелди – Қимыл- қозғалыс ойындары
С. Қасымбекова, Д. Мырзамед. Дене тәрбиесі.
С. Тайжанов, С Қасымбекова,. Дене тәрбиесі Алматы Атамұра
Бағдарламалар дене тәрбиесі. Алматы 2004 ж
Л.В. Былова, И.М. Коротков.Қозғалыс ойындары, М. ФИС.1982
Портал:Волейбол – Уикипедия
от Уикипедия, свободната енциклопедия
Направо към навигацията Направо към търсенетоВолейболът (на английски: volleyball, от volley – воле, удар по летяща топка или просто летяща топка преди да докосне земята и ball – топка) е вид колективна спортна игра с топка, по време на която два отбора се състезават на специална площадка, разделена с мрежа, като насочват топката в полето на противника така, че тя да падне на земята или противникът да допусне грешка. При това за организация на атака са допустими само три удара на топката. Официалните варианти са два: Класически – правилата на играта са описани по-долу. Обикновено се играе в зали или кортови игрища; Плажен волейбол – игрището е 16 на 8 метра. Отборите са по двама души. Геймовете са до 21 точки. Играе се върху пясък. Освен това съществуват и други спортове, основаващи се на волейбола като джитбол, босабал, снежен волейбол и др. Волейболът е изключително активен спорт, свързан с големи натоварвания, тъй като повечето нападателни и защитни действия се извършват по време на вертикален отскок, високо над мрежата. Това е списък на статии, свързани с волейболът, които все още не са създадени. Можете да помогнете на Уикипедия, като създадете нова статия от този списък. Можете и да преведете някоя от съществуващите статии в разделите на други езици в Уикипедия. |
Плажен волейбол – Уикипедия
Плажен волейболПлажният волейбол е разновидност на волейбола. Игрището е 16 на 8 метра и играе се от два отбора най-често по двама души. Играе се върху пясък. За първи път на олимпийски игри плажният волейбол е включен в програмата на Олимпийските игри през 1996 г. в Атланта (САЩ).
За победа са нужни 2 от 3 гейма до 21 точки, като в края на гейма трябва да има 2 точки разлика.
Ударът с две ръце отгоре е позволен само при вдигане на втора топка, но състезателите не го използват много често, защото има голям риск да направят двоен удар, който е забранен. Затова те използват най-често удар отдолу с две ръце.
Плажният волейбол е вариант на класическия волейбол, който е изобретен през 1895 г. от Уилям Г. Морган. Плажният волейбол най-вероятно е възникнал през 1915 г. на плажа Уайкики в Хавай, в Outrigger Canoe Club, когато един член на клуба поставя мрежа на плажа и се провежда първата записана игра на плажен волейбол.[1] През 1920 г. в Санта Моника, Калифорния, е създадена голяма пясъчна зона за обществен отдих и развлечения, създаваща условия за развитие на плажния волейбол. Появяват се и първите постоянни мрежи по плажове и частни плажни клубове. Единадесет такива клуба се появяват в района на Санта Моника, започвайки в края на 1922 г. Първите международни състезания са организирани през 1924 г.
Повечето от тези ранни мачове по плажен волейбол се играят с отбори от по шест играчи, подобно на класическия волейбол. Концепцията за модерната игра двама на двама по плажен волейбол се приписва на Пол „Пабло“ Джонсън от атлетическия клуб в Санта Моника. През лятото на 1930 г., докато чака да се съберат всички играчи за два отбора по шестима, Джонсън решава да опитат само четиримата присъстващи, формирайки два отбора по двама, изигравайки първия модерен плажен волейбол. Играчите осъзнават, че с по-малко играчи на игрището височината на по-високия играч може да бъде неутрализирана със скорост и контрол на топката от по-ниския. Популярността на играта с по двама души се разпространява в други близки плажни клубове, след което и в обществените игрища. Макар че игрите за забавление продължават да се играят с повече играчи, най-широко разпространената версия на играта и единствената, която се играе професионално, има само двама играчи в отбор.
Популярността на плажния волейбол нараства в Съединените щати по време на Голямата депресия през 1930-те години на миналия век, тъй като е била леснодостъпна. Спортът също започна да се появява в Европа по това време. През 1940-те години се играят турнири по двойки на плажовете на Санта Моника с трофеи. През 1948 г. в Лос Анджелис, Калифорния, се провежда първият турнир с награда (каса Пепси). През 1960-те години в Санта Моника се прави опит за стартиране на професионална волейболна лига. Той се проваля, но във Франция се провежда професионален турнир за 30 000 франка. През 1950-те години на миналия век се провежда първият турнир по плажен волейбол в Бразилия, спонсориран от вестникарска издателска компания. Първият Манхатън Бийч Оупън се провежда през 1960 г., превръщайки се в престижен и наричан още „Уимбълдън на плажния волейбол“.
Междувременно плажният волейбол придобива популярност: през 1960-те години „Бийтълс“ опитва да играе в Лос Анджелис, а американският президент Джон Ф. Кенеди наблюдава мача. През 1974 г. се състои турнира „1500-доларово световно първенство по волейбол на закрито за двойки“, което се играе пред 4000 ентусиасти в спортната арена на Сан Диего. На финала Фред Зюлих и Денис Хеър побеждават Рон Вон Хейгън и Мат Гейдж; спонсор е Winston Cigarettes. Малко след това Денис Хеър написва първата книга на тема плажен волейбол The Art of Beach Volleyball.
Мектеп: Айтқұл Шынасилов атындағы орта мектеп |
|||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Мұстафаева Гүлмира |
||||||
Сыныбы: 8 сыныптар Сабақ |
Қатысқан оқушы саны: 13 |
Қатыспағаны: 1 |
|||||
Сабақтың тақырыбы |
Волейбол ойын ережесі. |
||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме жасау |
8.2.8.1 — түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу |
||||||
Сабақ мақсаты: |
Оқушылардың барлығы. Волейбол ойындарының ережелерін үйренеді Оқушылардың көпшілігі. Волейбол ойындарын үйрету барысында оқушыларды икемділікке,ептілікке, шапшаңдық секілді дене сапаларын дамытады Оқушылардың кейбірі. Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамытуға талпынады |
||||||
Негізгі мақсаттар |
Қозғалмалы ойындарда волейбол элементтерін жетілдіру Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамытуға септігін тигізу. |
||||||
Жетістік критерийлері |
1. Волейбол сөзінің мағынасын түсінеді. |
||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар келесі ұғымдарды біледі және қолдана алады: — Волейбол добы — Ойыншылар |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта өзін-өзі тану пәнімен өзара пәнаралық байланыс орнатуға болады. |
||||||
АКТ пайдалану дағдылары |
Интербелсенді тақтада презентация көрсету |
||||||
Бастапқы білім |
Оқушылар волейбол ойыны туралы біледі және допты қарсылас ойыншыға бере алады. |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезендері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар: |
|||||
Сабақтың басы 10 мин. |
Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту. Саптық жаттығулар: 1. Оңға бұрыл! Бағыттаушының соңынан оң иық алда, жай жүріспен бас! Жүру жаттығулары: а) қол жоғары, аяқтың ұшымен жүріп бас! Тапсырмасыз! Жай жүгіріске көш . Жүгіру жаттығулары: 1. Оң қапталмен қолды алдыға айналдырып бас. Класс! Залдың ортасына екі қатар сап түзе! Жүріс кезінде орындалатын Ж.Д.Ж 1. Қол жанда, 4-сан білектен, 4-сан шынтақтан, 4-сан толық қолды йықтан алға айналдыру |
Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы. |
|||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
|
Үш ойыншының іс–әрекетін жетілдіру. 1. Үш ойыншы допты бір–біріне жоғарыдан беру.
Жоғарыдан қабылдаған кездегі ойыншының тұрысы. А) Көрсету, түсіндіру. Кездесетін қателіктер. 2. Допты алақанмен қабылдасақ. 3. Қозғалмай бір орында тұрсақ. 2. Допты бір–біріне жоғарыдан беру.
ІІ. Ойын кезіндегі, шабуылшының іс-әрекеті. 3. Шабуылдаушы соққысына секіру. 4. Шабуылдаушы соққысына секіріп, қарсылас алаңға допты лақтыру. (Теннистің добы) 5. Секіріп, допты шабуылдаушы соққымен беру. 6. Секіріп шабуылдаушы соққымен допты қарсылас алаңға бағыттау. Кездесетін қателіктер. 1. Қолды шынтақтан бүксе 2. Доптың астына секірсе 3. Қол торға тисе |
Үлкен бос кеңістік. Волейбол доптары, фишкалар мен конустар, ысқырық |
|||||
Сабақтың соңы 5 мин.
|
Сабақты қорытындылау: сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары талқыланады. Сабақ рефлексиясы «тегтер» бұлты түрінде жүргізіледі, оларды толықтыру қажет. Мысалы, келесі сөйлемдердің нұсқалары жазылған қағаз жолақтарын үлестіру. Бүгін мен ……………………. таныстым. Әр оқушы 1-2 сөйлемнен таңдап, оларды толықтырады. Киім ауыстыру орнына кету. |
Маркерлер мен фломастерлер
|
|||||
Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады. Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін: оң қолмен допты алып жүруді қайталау Қабілетті оқушыларға: допты екі қолмен алып жүру |
Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз? Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады: Бағдаршам Қабілетті және белсенді оқушыларға жасыл түстіжұлдызшалар беру. Аз белсенді оқушыларға сары түсті және қолдауға мұқтаж оқушыларға қызыл түсті жұлдызшалар беру. |
Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;
|
|||||
Жалпы бағалау Сабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты)? 1:2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйренуге қатысты)? 1: 2: Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек? |